Масқара! Сәкен Майғазиевтың ұлының қуанышын көру 1380 теңге тұрады

Редактор Penalty.kz
09.06.2025, 11:57

Қазақстандық танымал әнші Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойын онлайн режимде көру мүмкіндігін ұсынып, бұл үшін 1380 теңге көлемінде төлем енгізгенін жариялады.

el.kz

Әлеуметтік желі қолданушылары әншінің бұл шешіміне наразылық білдірді

Instagram желісіндегі жазбасында өнер иесі:

“Әділет пен Әдияның қуанышын бірге бөлісіп, қашықтан қонақ болғысы келетіндер үшін онлайн тіркеу басталды”, — деп мәлімдеді.

Желіде қызу талқы: "Бұл тым артық..."

Көпшілік әншінің бұл шешімін ашық сынға алды. Пікір қалдырушылар арасында мынадай ойлар жазылды:

  • “Мұндайды Сәкеннен күтпеппін”
  • “Бұл — қарапайым халықты пайдалану”
  • “Тіпті жеке қуаныштан да пайда табуға көшкен бе?”
  • “Жарнама үшін бәрін сатуға дайын ба?”
  • “Той емес, бизнес жобасы сияқты”

Арасында бұл әрекетті той шығынын жабудың жолы ретінде түсіндіргісі келгендер де табылды.

Айрықша ұзату мен 2 мың адамдық той

Еске сала кетейік, жуырда Сәкен Майғазиевтің ұлы үйленіп, отбасын құрды. Қызды ұзату сәті де желіде қызу талқыға түскен еді — келін ақ кілемге отырғызылып, ерекше дәстүрмен шығарып салынған.

Ал алдағы үйлену тойы үлкен ауқымда өтпек. 2000-ға жуық қонақ шақырылғаны белгілі. Салтанатты шараны белгілі продюсер Жан Мұқанов жүргізеді. Ол бұл тойды:

“Бұл — елдің мәдени өміріндегі айрықша оқиға”, — деп сипаттады.