"Мен сізді жақсы көремін": Қайрат Нұртас сахнада танымал әншіге сезімін ашық білдірді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
09.06.2025, 19:34

Қазақстандық шоу-бизнестің ең танымал өкілдерінің бірі — Қайрат Нұртас Волгоградтағы концерт кезінде ресейлік әнші Ирина Нельсонға сахна үстінде сезімін білдірді.

видеодан скрин

Қайрат Нұртас сахнаға гүлмен шықты

Ресейлік жұлдыздың Волгоградта өткен кешінде күтпеген сәт болды. Қайрат Нұртас сахнаға бір құшақ гүл алып, Ирина Нельсонға былай деді:

“Ирина, мен сіздің шығармашылығыңызды жақсы көремін. Тек сәттілік тілеймін! Мен сізді жақсы көремін”, — деді ол көпшіліктің алдында.

Осы сәт концертке келген көрермендер мен әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Көпшілігі бұл әрекетті қазақ шоу-бизнестегі батыл қадам деп бағалап жатыр.

Жеке өміріндегі жаңалықтармен қабат келді

Айта кетейік, осыдан біраз бұрын Қайрат Нұртастың жары — актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желіде жүктілігін көрсеткен фотосуреттерін жариялаған. Ерлі-зайыптылардың қазіргі таңда төрт баласы бар.