Танымал актриса, тележүргізуші әрі әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдукәрімова өзінің жеке гардеробындағы сәнді көйлектерін сатылымға шығарды. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі жаңа парақшасында хабарлады.
Әлеуметтік желідегі видеожазбасында Жұлдыз Әбдукәрімова оқырмандарынан үнемі келетін өтініштерден кейін киюге келмей қалған киімдерін сатуға бел буғанын айтты.
“Қыз-келіншектер, мұқият болыңыздар! Сатылым басталды. Жүкті болған соң, бұрынғы киімдерім енді маған сыймайды. Сондықтан көпшіліктің сұранысымен көйлектерімнің бәрін сатылымға шығардым”, – деп мәлімдеді ол.
Актриса тек күнделікті киімдерді емес, жұлдызды кештерге, той-думандарға арнайы тігілген сәнді көйлектерін де сатуда. Киімдердің бағасы әртүрлі:
Жұлдыз бұл мақсат үшін жеке парақша ашып, көйлектерін нарық бағасынан 50-70% төмен бағамен ұсынатынын жеткізді. Киімдердің көпшілігі сапалы, эксклюзив әрі сахналық сәнмен ерекшеленеді.