Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Ерке Есмахан үшінші рет ана атанды: сәбидің есімі – Райымбек Батыр (ФОТО)

Редактор Penalty.kz
12.06.2025, 12:04

Қазақстанның танымал әншісі Ерке Есмахан үшінші мәрте ана атанды. Қуанышты жаңалықпен жары RaiM өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

instagram/@erke_esmahan
Реклама
Реклама

Жаңа өмірге – ақжол

Әншінің жолдасы жариялаған фотода ол жаңа туған сәбиін бауырына басып, оның кішкентай қолын сүйіп тұрғаны бейнеленген. Желі қолданушылары кадрды ерекше жылулықпен қабылдады.

"Қош келдің, ұлым. Райымбек Батыр", – деп жазды өнер иесі.

Сәбидің есімі де ел назарын аударды — Райымның толық аты Райымбек болғандықтан ұлына “Батыр” деген қосымша мағынасы зор есім берілді.

Желі қолданушыларынан ыстық тілек

Жағымды жаңалықты ести сала желіде өнер иелерінен бастап қарапайым жанкүйерлерге дейін жұпқа жүрекжарды тілектерін арнады:

  • "Құттықтаймыз! Еліне елеулі азамат болсын!",
  • "Ерке тек батырларды дүниеге әкеледі",
  • "Қош келдің, кіші Батыр. Сағындырдың!",
  • "Қуаныштарыңыз еселене берсін!",
  • "Керемет жаңалық! Қош келдің, өмірге жаңа сәби!"

Ерке Есмахан мен RaiM — ел сүйіктілері

Еске салайық, Ерке Есмахан мен RaiM шоу-бизнес әлеміндегі ең танымал әрі сүйікті жұптардың бірі. Жұбайлар әлеуметтік желілерде жиі бірге көрініп, отбасылық жылылықты насихаттайды.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары