Эстрада жұлдызы Мақпал Жүнісова өнердегі әріптесі Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділеттің үйлену тойына қатысты. Қызы Мереймен бірге барғанын айтып, бұл шешімінің мәнін түсіндірді. Әнші тойдан кейін әлеуметтік желіде қызымен болған жылы сұхбатты жариялады.
Жүнісова видеоүндеуінде былай деді:
"Мерей екеуіміз жаңа ғана тойдан келдік. Сәкеннің жары Динара әдемі гүл шоқтарын сыйға тартты. Қызымды бірінші рет тойға ертіп бардым. Мерейді жиі шақырады. Бірақ өзі ұялып, көп жағдайда бас тартады. Бұл жолы "саған жұғысты болсын" деген ырыммен бірге апардым. Алла қаласа, сен де жақсылыққа жет, жақсы жар жолықсын. Апаң да, әжең де, туыстарың да – бәрі де осы сәтті асыға күтуде. Қыз – жат жұрттық қой. Бүгінгідей бақытты күндер саған да келсін!"
Халық әртісінің бұл әрекеті көпшілікке ыстық ықыласпен қабылданды. Қазақтың ұғымында "жастардың қуанышына ортақтасып, игі ниетпен қатысу – жақсылықтың бастауы" саналады. Мақпал Жүнісова қызына бақыт тілеуді тойдағы ырыммен ұштастырды.