Қазақстандық белгілі әнші Төреғали Төреәлінің ұлдары көшеде билеп, көпшіліктің назарын өзіне аударды. Бұл бейнежазба әлеуметтік желілерде таралып, қазақстандық қолданушылардың ыстық ықыласына бөленді.
Өнер иесінің әкесі Төреәлі Төлепов немерелерінің өнеріне тәнті болып, Instagram парақшасына әсерлі жазба жариялады:
“Ассалаумағалейкум, ағайын! ТөреМұхаммедӘли немеремнің дені сау, жүрегі кең азамат болсын. Тәңірім ғұмырын ұзақ етіп, күллі әлемді тамсандыратын ұрпақ болуға жазсын. Осы ұрпақтан шөбере сүйіп, қызығына тоймай өтуді нәсіп етсін. Жақсы ниет – жарым ырыс. Сіздер де ізгі тілектеріңізді жазып қойыңыздар”, – деп ағынан жарылды атасы.
Бейнежазбаға пікір қалдырған желі қолданушылары кішкентай бүлдіршіндерге ақжарма тілектерін жаудырып, жылы сөздерін аямады: