Көшелерді таңғы бестен бастап жуу, жол белгілерін жаңарту, ал кей ағаштардың жасыл бояумен “жаңаруы” – Ақтөбе әкімдігін сынға қалдырды.
Мемлекет басшысының 25 маусымдағы жұмыс сапары қарсаңында Ақтөбе көшелері түн ортасынан кейін-ақ абаттандырылып, арнайы техника таңғы сағат 05:00-де жол төсеп, бордюрді, белгілерді жаңарта бастады. Қала тұрғындары күтпеген “тазалыққа” таңғалып, көріністерді әлеуметтік желіге жарыса жүктеді.
Президент кортежі өтетін жолда құдық қақпағы ашық жатқан сәт те камераға ілікті. Бұл көшеде жаяу жүргінші көп, әсіресе балалар үшін қауіптілігі айтылып жатыр.
Ақтөбе қаласы әкімдігі ағаш бояу туралы айыптауды жоққа шығарды. Ресми түсіндірме бойынша, мердігер “Inva Profi” мамандары қаладағы жасыл желекке жоспарлы күтім жүргізген:
Әкімдік өкілдері “ағаштарды бояған жоқпыз, бұл – қорғау құрамы” деп сендірді.
2017 жылғы президент сапарынан кейін Ақтөбе қаласы әкімдігінің қызметкері Абзал Тілмағамбетов президент жүретін жолға белгі соғып, 272 миллион теңге жымқырды деген айыппен 8 жылға бас бостандығынан айырылған.