"Ән ала алмай жүргеніме 3 жыл болды" — Меруерт Түсіпбаева Заттыбекке наз айтты (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
26.06.2025, 06:28

Қазақстан эстрадасында өзіндік орны бар әнші Меруерт Түсіпбаева белгілі композиторға шүйлікті. 

коллаж penalty.kz

Түсіпбаева композитор әрі орындаушы Заттыбек Көпбосынұлынан бірнеше жылдан бері ән ала алмай жүргенін айтып, әзіл-қалжың аралас шағымын білдірді.

"Заттыбектен ән сұрағаныма 3 жылға жуықтады. Болмаса, облыс әкіміне үндеу жолдайтын шығармын. Президенттің өзі көмектесе алмады", – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Әзілге әзілмен жауап берген жұрт

Желі қолданушылары Меруерт Түсіпбаеваның жазбасын қалжың ретінде қабылдап, түрлі пікірлер білдірді.

  • "Бұл сұмдық қой! Заттыбектен ресми жауап күтеміз",
  • "Қарапайым адам ғой, ешкіммен шаруасы жоқ",
  • "Заттыбек, қазақтың ерке қызына ән беріңіз – нағыз мәрттік сол болар еді",
  • "Шаш иіскесең, бәрі шешіледі ғой", – деген сияқты пікірлер легі астында қалдырылды.

Айтылған пікірдің астары

Меруерт Түсіпбаеваның бұл жазбасы әзіл ретінде жарияланғанымен отандық шоу-бизнестегі әріптестік қарым-қатынас жайлы ой саларлық. Заттыбек Көпбосынұлы мен Меруерт Түсіпбаеваның арасындағы өнер жолындағы ықтимал серіктестік – көптің қызығушылығын туғызып отыр.