Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері, UFC ұйымының жеңілмеген өкілі Шавкат Рахмонов өзіне Mercedes-Benz G-Class маркалы көлік сыйлады. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желіде жариялады.
Шавкат Рахмоновтың кәсіби мансабында 17 жекпе-жек – 17 жеңіс. Әлі күнге дейін жеңіліп көрмеген спортшы жаңа көлік сатып алып, қуанышын жанкүйерлерімен бөлісті. Mercedes-Benz G-Class үлгісіндегі бұл премиум санаттағы жол талғамайтын көліктің құны шамамен 146 миллион теңге.
Спортшы Instagram парақшасында көлігінің суретін жариялап, бұл сәтті "еңбектің жемісі" деп сипаттады.
Шавкат бұған дейін қытайлық EXEED маркалы көлікпен жүрген болатын. Жаңа таңдауы – стиль мен статусқа мән беретін спортшының өміріндегі жаңа кезеңнің белгісі.