Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Әлем чемпионатының жүлдегері 20 жыл бойы аула сыпырып жүр (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
10.07.2025, 18:28

Қазақстан спорт тарихында есімі алтын әріппен жазылуға лайық болған Айсара Керімбекова бүгінде қарапайым жұмысшы ретінде аула сыпырып жүргені белгілі болды.

turkystan.kz
Реклама
Реклама

Бір кездегі әлем жүлдегері – бүгінде елеусіз еңбеккер

Видеоматериалда самбодан әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (1988, 1992), КСРО кубогі мен Спартакиадасының жүлдегері, сондай-ақ Азия чемпионы атанған Айсара Керімбекова соңғы 20 жылдан астам уақыт бойы ауланы тазалаумен күн көріп жүргені көрсетілген. Бұл туралы журналист Нұрсейіт Жылқышыбай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

“Министрлер мінберден түспей жатыр, ал батыр спортшы ауладан шыға алмай жүр. Бұл — ұлттық намысқа сын! Тірі аңызға тірісінде құрмет көрсетпеген елден қандай ұрпақ шығады?” – деп жазды журналист Нұрсейіт Жылқышыбай.

Айсара Керімбекова кім?

  • Самбодан әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері
  • КСРО кубогінің жүлдегері (1989)
  • КСРО халықтары спартакиадасының қола жүлдегері (1991)
  • Азия чемпионы (1992)
  • Азия чемпионатының екі мәрте қола жүлдегері
  • Қазақстандағы дзюдо мен самбо спортынан халықаралық деңгейге көтерілген тұңғыш қазақ қызы

Қоғамдық үн: спортшыны елемеу — ұлттың өзіне сын

Журналист көтерген бұл мәселе қоғамда резонанс тудырып, әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Көпшілік Спорт және туризм министрлігінен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардан ардагер спортшыға назар аударуды талап етуде.

“Айсара Керімбекова – біздің тірі тарихымыз. Мұндай тұлғаларға көзі тірісінде лайықты құрмет көрсету – ұлттың парызы”, – дейді желі қолданушылары.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары