Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Мәдина Сәдуақасова микрофонды қармаққа ауыстырды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
21.07.2025, 17:24

Қазақстандық танымал әнші Мәдина Сәдуақасова желідегі оқырмандарына ерекше демалысынан видео көрсетті. Әдетте сахнада жарқыраған өнер иесі бұл жолы табиғат аясында отбасы мүшелерімен бірге тынығуды таңдаған.

instagram/@sadvakasovamadina
Реклама
Реклама

“Интернет жоқ, тек қамыс пен су ғана…”

Әншінің айтуынша, бұл — жыл сайынғы отбасылық дәстүрге айналған демалыс. Сәдуақасова бұл сәттерді былай суреттейді:

“Жылына бір рет, әлеуметтік желілер мен у-шудан алыс жерге барып демаламыз. Қамыстың арасында, тек табиғат құшағында боламыз. Байланыс жоқ, Instagram жоқ – тек тыныштық пен отбасы. Бізге бұл ерекше ұнайды. Қызыл кітапқа енген сирек құстар да қасымызда ұшады. Кешкісін алып балықты отқа қақтап, от басында әдемі естеліктер айтамыз”, – деп жазды әнші.

Олжас пен Әнуар – нағыз “балықшылар”

Мәдинаның айтуынша, бұл демалыс – оның ұлы Әнуар мен жұбайы Олжастың сүйікті сәті. Екеуі де балық аулауға құмар, ал Мәдина олардың қуанышын көріп, өзі де ерекше шабыт алатынын жасырмайды.

“Олжас пен Әнуар – нағыз әуесқой балықшылар. Мен олардың қуанышын көріп, екі есе бақытты боламын. Бұл жерге келу – біздің отбасылық дәстүрімізге айналды. Келер жылы міндетті түрде тағы келеміз!” – деп жазды ол.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары