Белгілі ауыр атлет, Қызылорда облысында лауазымды қызмет атқарып жүрген Алмас Өтешов жаңа автокөлік сатып алғанын әлеуметтік желіде жариялады.
Өтешов өзінің парақшасында “Toyota Camry 80 көлігі. Баршаңызға осындай көлік нәсіп болсын”, – деп видео арқылы айтты. Айта кетейік, бұл көліктің нарықтағы құны шамамен 19-20 миллион теңге.
Спортшы бұған дейін “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында ішімдіктен емделгеннен кейінгі жағдайын ашық айтып, көпшіліктің қолдауына ие болған еді. Қазір ол Қызылорда облысының спорт басқармасына қарасты “Олимпиадалық резерв даярлау орталығы” КММ директорының орынбасары қызметін атқарып жүр. Бұған дейін бес айға жуық “Мұз айдыны” мекемесінде әдіскер болып еңбек еткен.
Өтешов – ауыр атлетикадан Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Ол екі рет әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанып, Азия ойындары мен Азия чемпионатында да күміс медаль иеленген тәжірибелі спортшы.