Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанова оқырмандарына алғаш рет жеке ұшақта ұшу сәтін жариялады.
Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, ұшақ көтеріле бастағандағы сезімін жасырмады.
“Ұшақ көкке көтерілген сәтте жүрегім дүрсілдеп, көзіме жас келді. Бұл – еркіндіктің сезімі. Бұл – өз қорқынышымды жеңіп, биіктерге қарай ұмтылған сәтім. Қыздар, бұл сезімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Кім менімен бірге ұшқысы келеді?”, — деп жазды ол.
Жеке ұшақтағы ерекше тәжірибесі Мұқанованың оқырмандарын да қызықтырып, пікірлерге толы әсерлі талқылауға ұласты. Ол бұл сәтті өзінің “еркіндік пен батылдыққа қадам басқан шағы” деп бағалады.