Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Айгүл Иманбаеваның жұбайымен түскен видеосы желіде сынға ұшырады (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
28.07.2025, 15:12

48 жастағы қазақстандық әнші, актриса және продюсер Айгүл Иманбаева Instagram желісінде күйеуімен бірге түсірілген романтикалық видеосын бөлісіп, хейтерлер тарапынан сын естіді.

instagram/@aigul_imanbayeva
Реклама
Реклама

АҚШ-тағы жылы сәт: "Біз. Екеуіміз ғана"

Айгүл Иманбаева Лос-Анджелесте мұхит жағалауында жұбайымен құшақтасып тұрған видеосын жариялады. Жазбаның фонында ресейлік әнші Алексей Чумаковтың “Счастье” әні ойнап тұр. Әншінің өзі жазбаға “Біз. Екеуіміз ғана” деп қысқа әрі нұсқа сипаттама қалдырған.

Кадрлар желі қолданушыларының арасында түрлі пікір туғызды. Біреулері бұл сәтке сүйсініп, жылы лебіздерін білдірсе, енді біреулері әншіні сынға алды.

Желі қолданушылары не деді?

Пікірлер екіге бөлінді. Бір тобы Айгүл Иманбаева мен жұбайының шынайы махаббатын қолдап, жағымды пікір қалдырды:

  • “Әдемі жұп. Бақытты болыңыздар!”
  • “Жылы кадрлар – интернеттегі жағымсыз жаңалықтар арасында таптырмас дүние”
  • “Әр адам бақытқа лайық”

Алайда теріс пікір жазғандар да табылды:

  • “Бұл жаста осылай жас қыз сияқты еркелегені жараспайды”
  • “50-ге келіп қалғанда мұндай видео түсіру ұят емес пе?”
  • “Нағыз махаббат дауысыз, тыныш болғаны дұрыс”
Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары