Атақты әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары, танымал вайнер әрі әнші Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желідегі жазбасымен тағы да көпшіліктің назарына ілікті. Бұл жолы 2,2 миллионға жуық жазылушысы бар Instagram парақшасына жариялаған жарнама ролигі сынның астында қалды.
Мөлдір Мұқанованың жарнамалық бейнежазбасы кей оқырманның көңілінен шықпай, желіде түрлі сын пікірлерге себеп болды. Қолданушылардың кейбірі оның дауысын және мінез-құлқын күлкіге айналдырды:
Алайда жағымды пікір білдіргендер де жетерлік. Олар Мөлдірдің өзіндік стилін, батылдығын және тың шешімдерін атап өтті:
Айта кетейік, жуырда Мөлдір Мұқанова" Арамызда қалсын бәрі" атты әнін жариялап, тыңдармандарын шығармашылықтың жаңа бағытымен таңғалдырған болатын. Бұл туынды да әлеуметтік желіде қызу талқылауға себеп болды.