Астанадағы қоғамдық көлік жүйесін басқаратын City Transportation Systems (CTS) компаниясы 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында 11,49 миллиард теңге көлемінде шығын тіркеді. Бұл көрсеткіш AIX биржасында жарияланған ресми қаржылық есепте келтірілген.
CTS — елордадағы жалғыз қоғамдық көлік операторы. Қазір компания LRT (жеңіл рельсті көлік) жобасын жүзеге асырып жатыр. Бұл жоба 2025 жылдың қыркүйегінде сынақ режимінде іске қосылып, 2026 жылдың көктемінде толық пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
2025 жылдың алғашқы алты айында CTS:
жалпы 5,3 млрд теңге кіріс тапты;
бұл соманың ішінде: қалалық және қала маңындағы тасымалдар, субсидиялар, көлік карталарын сату, тұрақ пен жылжымайтын мүлікті жалға беру, Astana Bike жобасы бар.
Алайда операциялық шығындар бұл кірісті жаба алмады. Нәтижесінде, компанияның операциялық нәтижесі – 598,7 млн теңге минус болды.
Қазір компанияның аяқталмаған құрылыс көлемі – 363,64 млрд теңге. Бұл – негізінен LRT желісіне құйылған, бірақ толық пайдалануға берілмеген инвестициялар.
Бұған қоса:
2025 жылдың басында CTS-тің жарғылық капиталы – 417,5 млрд теңге болды. Алайда:
Нәтижесінде 30 маусымдағы жағдай бойынша компанияның жарғылық капиталы 561,14 млрд теңгеге жетті.
Еске сала кетейік, бұған дейін 2024 жылы CTS 41,2 млрд теңге көлемінде шығынға батқан. Компания кем дегенде 2014 жылдан бері шығынға батып келеді.