Реклама
Реклама

"Әкесінің аузынан түсіп қалған": Ерке Есмахан ұлын көрсетті (ФОТО)

Сарапшы, спорт журналисі
31.08.2025, 15:39

Желі қолданушылары кішкентайды әкесіне – Райымға да, атасына да қатты ұқсатты.

NUR.KZ

Белгілі қазақстандық әнші Ерке Есмахан көптен бері жұртшылықтан жасырып келген ұлы Исламды алғаш рет көрсетті. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуі Райымның жаңа бейнебаянын насихаттай отырып, отбасы жайлы жазба қалдырды:

«Күйеуімнің жаңа бейнебаянын қарап, әнін тыңдаған боларсыздар. Ұлдарымыздың жарық жүздерін көріп, бізге тілек жазып, жанұямызға жылы сөздерін жаудырып жатқан сіздерге шексіз алғыс айтамыз», – деді ол.

Желі қолданушыларының пікірі

Фотосуреттерді көрген желі қолданушылары кішкентай Исламды әркім әрқалай ұқсатты. Бірі оны әкесіне — Райымға ұқсатса, енді бірі қайын атасына қатты ұқсайтынын атап өтті.

Пікірлер легінен:

  • «Ерке ренжіме, Райымға ұқсайды»
  • «Төтенай атасының көшірмесі»
  • «Атасына келеді»
  • «Кішкентай Райым»
  • «Әкесінің аузынан түсіп қалған»

Отбасыға деген жылы лебіз

Желіде тараған суреттер қысқа уақыт ішінде үлкен талқыға түсті. Көпшілік Ерке Есмахан мен Райымның отбасына бақыт тілеп, ұлдарына ізгі тілектерін жолдады.

Реклама
Реклама