Алатау ауданының соты (Алматы облысы) Мәжіліс депутаты әрі әйгілі балуан Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың жазаны жеңілдету туралы өтінішін қанағаттандырмады.
Алматы облысы соттарының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, 2025 жылдың 4 қыркүйегінде Алатау аудандық сотында Нұрасыл Болаттың өтініші қаралған. Ол өзіне тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігін жеңілдетілген шараға ауыстыруды сұраған еді.
Алайда сот бұл өтінішті қанағаттандырмады. Себебі сотталушы жазасын өтеу кезінде бірнеше рет шарттарды бұзған. ҚР Қылмыстық кодексінің 73-бабына сәйкес, оның түзелгенін дәлелдейтін жеткілікті деректер ұсынылмаған.
Еске сала кетсек, Нұрасыл Болат 2024 жылдың мамыр айында екі жылға бостандығын шектеу жазасына кесілген болатын. Шарт бойынша ол:
Сот құжаттарында көрсетілгендей, Нұрасыл Болат бұл талаптарды бірнеше мәрте бұзған:
Осы тәртіпсіздіктерге байланысты сот оның жазасын жеңілдетуге негіз жоқ деген қорытындыға келді.