Реклама
Реклама

Сәбина Алтынбекова махаббатын көрсетті

Сарапшы, спорт журналисі
17.09.2025, 05:08

Қазақстанның танымал волейболшысы Сәбина Алтынбекова әлеуметтік желідегі парақшасында гүлге деген ерекше сүйіспеншілігін көрсетті. 

instagram/@altynbekova_20

Жылы сәтті бөлісті

Сәбина қолына ұстаған әдемі гүл шоғымен түскен суретін жариялап, оған: «Қаншалықты жақсы көремін мына гүлдерді» деп қысқа ғана жазба қалдырды.

Бұл фотосурет жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырды. Көптеген оқырман спортшының нәзік көңіл күйін атап өтіп, жылы лебіздерін білдірді.

Карьерасындағы жаңа белес

Айта кетейік, 2025 жылдың 1 қыркүйегінде 28 жастағы Сәбина Алтынбекова «Астана» волейбол клубының ойыншысы атанды. Бұған дейін ол Индонезияның «Yoga Falcons» командасында өнер көрсеткен болатын. Жаңа клубтағы алғашқы кездесуін спортшы Қазақстан кубогында өткізді. Ол ойында «Астана» Маңғыстау командасын 3:1 есебімен жеңіп, сәтті бастама жасады.

Реклама
Реклама