Дмитрий Биволдың алимент мөлшері жарияланды
Жарнама
Жарнама
Бокстан экс-чемпионның бұрынғы жары мәлімдеме жасады.
Екатерина Биволдың сөзі
Бұрынғы абсолютті әлем чемпионы, ресейлік боксшы Дмитрий Биволдың экс-жұбайы Екатерина Бивол спортшыдан алатын алимент мөлшері туралы айтты.
«Біздің елде заң бар: балалардың тұрмыс деңгейі ажырасқаннан кейін төмендемеуі тиіс. Үлкен ұлым үш жасынан хоккей ойнайды — оның конькиі 72 мың тұрады. Мен сатып алдым, бірақ неге Бивол алмайды? Ұлым әкесінің кезінде хоккей ойнаса, әкесіз неге ойнамайды?
Қазір ол ай сайын 128 мың рубль төлейді. Ал екі балаға қажетті сома – 516 мың рубль», – деді Екатерина Бивол «Пусть говорят» бағдарламасында.
Неке тарихы
Дмитрий мен Екатерина Биволдар 2023 жылы ресми түрде ажырасты. Олардың ортақ екі ұлы бар.
Жарнама
Жарнама