Реклама
Реклама

Мақпал Исабекова бірнеше айда 9 келіге арықтағанын көрсетті

Сарапшы, спорт журналисі
17.09.2025, 21:30

Қазақстандық әнші әрі екі баланың анасы Мақпал Исабекова бірнеше айлық еңбегінің нәтижесін жария етті.

zakon.kz

Айқын нәтиже

41 жастағы өнер иесі сәуір айында 65 келі болса, қыркүйекке қарай салмағын 56 келіге дейін түсірген. Әншінің Instagram парақшасында жарияланған суреттерінен оның айтарлықтай сымбатталғанын көруге болады.

Жақында ғана декреттік демалыстан шыққан Исабекова:

«Йогаға қайта оралуым – екінші тыныстың ашылғанындай әсер берді», – деп жазды.

Мақпал Исабекованың сторисінен. Скрин: instagram.com/makosyai

Жетістік құпиясы

Мақпал бұған дейін нәтижеге спорт, дұрыс тамақтану және тәртіп арқылы жеткенін айтқан болатын.

«Ешқандай сиқырлы дәрі жоқ – тек еңбек керек. Айына екі рет залға барумен немесе аз уақыт дұрыс тамақтанумен нәтиже шықпайды», – деп бөлісті әнші.

Реклама
Реклама