Қытайдың аты аңызға айналған жекпе-жек өнерінің шебері Хуэй-И Цай қолын пайдаланбай алып қылышты иығының айналасында айналдырып, әлемді таңқалдырды. Оның ерекше жетістігі Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді.
Хуэй-И Цай әлемде теңдесі жоқ жетістікке жетті: ол бір минут ішінде қылышты иығының айналасында 28 рет айналдырды. Бұл көрсеткіш Гиннес рекордтарының тарихында алғашқы әрі жалғыз нәтиже болып саналады.
Бұған дейін мұндай қауіпті трюкті ешкім қайталауға талпынбаған. Хуэй-И Цай осы санаттағы алғашқы рекордшы атанды.
Қауіпті өнер трюгі Италияның Милан қаласында өткен Lo Show Dei Record шоуында көрсетілді.
Айта кетейік, дәл осы шоу аясында қазақстандық күш атасы Сергей Цырульников үш бірдей әлемдік рекорд орнатып, тарихқа енген.