Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Назым Қызайбай өз сөзінен өзі таңғалды

Сарапшы, спорт журналисі
23.09.2025, 21:11

Қазақстанның әйгілі боксшысы, әйелдер құрамасының капитаны Назым Қызайбай әлеуметтік желіде ерекше сәтті бөлісті.

Instagram/@nazym_kyzaibay09
Реклама
Реклама

Жаттығу кезіндегі қызықты сәт

Қызайбай жариялаған бейнежазбада оның салмақ түсіру барысы көрсетілген. Видеоның артында:

«Мынау нағыз еңбекқор ғой!» — деген таңданыс естіледі.

Ал боксшы: «Кім салмақта? Мен салмақта!» — деп жауап береді.

Назым сол сәтті еске алып:

«Соңғы 400–500 грамм қалғанда көңіл-күйім көтеріліп, өз-өзіме: енді тамақ ішіп, су ішуге болады-ау деп ойладым. Бірақ неге екенін білмеймін, осыны орысша айтып қойдым», — деп Instagram парақшасында пікір қалдырды.

Әлемдік аренадағы жетістіктері

Назым Қызайбай — үш дүркін әлем чемпионы.

Жақындда Ливерпульде өткен World Boxing әлем чемпионатында (48 кг дейінгі салмақ дәрежесі) ол күміс жүлдеге қол жеткізді. Бұл жолы спортшы жаңа рекорд орната алмады.

Жарыстан кейін Қызайбай салмақ қуу кезіндегі қиындықтар мен стресс жайлы ашық айтты.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары