Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Үсік пен жел: Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы бұзылады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 06:00

"Қазгидромет" РМК 23 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер бірқатар өңірде тұман түсіп, үсік жүретінін хабарлады.

Сурет: ашық дереккөздерден
Реклама
Реклама

Маңғыстау облысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталып отыр.

Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі, ал батысы, солтүстік-шығысы және орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі, солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі, ал оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман, ал оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі бар. Сонымен қатар, облыстың солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі байқалады.

Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі сақталып, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Қарағанды облысының шығысында түнде және таңертең тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман болуы мүмкін.

Павлодар облысының батысы, солтүстігі және шығысында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні таулы және солтүстік-шығыс аудандарда 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз Алакөл көлдері маңында желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Түнде облыстың солтүстігі мен орталығында ауа температурасы 1–3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді.

Түркістан облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары