Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Димаш Құдайбергеннің суреті Барселона қаласының қоғамдық көліктеріне ілінді

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 09:00

Барселона қаласындағы Бадалона Олимпиада аренасында өтетін Димаш Құдайбергеннің концертіне орай, Испаниядағы жанкүйерлері арнайы жарнамалық науқан ұйымдастырды.

Сурет: ашық дереккөздерден
Реклама
Реклама

Қазіргі таңда қаланың көшелерінде әншінің суреті мен концерті туралы ақпарат ілінген автобустар жүріп жүр. Халық әртісі 8 қарашада өнер көрсетеді.

Жарнама 6 қазан мен 9 қараша аралығында Барселонаның жолаушы ең көп мінетін В24 және В25 бағыттарында көрсетіледі. Бұл бағыттардың бірі тікелей Димаш өнер көрсететін Олимпиада аренасының алдынан өтсе, екіншісі – үлкен Magic сауда орталығының жанынан өтеді. Осылайша күн сайын мыңдаған қала тұрғындары мен қонақтары қазақстандық әншінің бейнеленген афишаларын көре алады.

Халық әртісінің жанкүйерлері жаңалыққа қуанғандарын жасыра алмады.

Бұл – нағыз фантастика! Үздіксіз еңбектің нәтижесі осындай тамаша жетістікке жеткізді. Енді Димаш Барселонаның көшелерінен “жүріп өтетін” болды. Бұл жобаның жүзеге асуына атсалысқан әр жанкүйерге алғысымыз шексіз, – деп испаниялық жанкүйерлер өз қуаныштарын бөлісті.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары