Реклама
Реклама

Жасанды интеллект екі миллион қазақстандықты жұмыссыз қалдырады

Сарапшы, спорт журналисі
23.10.2025, 17:27

Қазақстанда 2,5 миллионға жуық маманның кәсібі алдағы жылдары автоматтандыруға ұшырауы мүмкін. Соның ішінде 1 миллионға дейінгі қызметкер жасанды интеллекттің (ЖИ) жедел дамуы салдарынан жұмыссыз қалу қаупінде тұр.

kursiv.kz

2,5 миллион жұмыс орны автоматтандыру қаупінде

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мунның айтуынша, 2029 жылға дейін ел бойынша шамамен 1 миллион азаматты қайта даярлау қажет болады. Мұндай өзгерістер жаңа салаларға бейімделуді талап етеді.

«Жасанды интеллект – интернет секілді құбылыс. Интернет келгенде кейбір мамандықтар жойылды, бірақ жаңа бағыттар мен кәсіптер пайда болды. Бұл табиғи процесс, дәл сондай жағдай қазір ЖИ саласында да болып жатыр», – деді Дмитрий Мун Сенат кулуарында.

Еңбек нарығының жаңа беті

Бүгінде еңбек нарығы түбегейлі өзгеруде. Astana Hub білім беру платформасында жасанды интеллект пен цифрлық технологияларға арналған тегін онлайн-курстар іске қосылды. Бұл курстар жаңа талаптарға бейімделгісі келетін мамандарға арналған.

ЖИ енгізу нәтижесінде кейбір дәстүрлі кәсіптер жойылуы мүмкін, алайда data-талдаушы, бағдарламалаушы, инженер, анализатор сынды жаңа мамандықтарға сұраныс арта түспек.

«Болашақта бағдарламашылар, инженерлер мен деректермен жұмыс істейтін сарапшылар ең қажет мамандардың қатарына кіреді», – деп нақтылады вице-министр.

Реклама
Реклама