Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Сәбинаның уақыты мен қызығушылығы болса": Қуат Хамитов Алтынбековаға жаңа ұсыныс жасады

Сарапшы, спорт журналисі
30.10.2025, 11:50

Ұсыныс киноның басты рөлінде түсу.

Коллаж
Реклама
Реклама

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов отандық киноиндустрияға бет бұрмақ. Спортшы time.kz басылымына берген сұхбатында өзінің жаңа фильм түсіріп жатқанын және басты рөлдердің бірін белгілі волейболшы Сәбина Алтынбековаға ұсынғысы келетінін айтты.

«Егер Сәбинаның уақыты мен қызығушылығы болса, оны фильміме түсіруге дайынмын. Көрермендердің бәрі бізді бірге көргісі келеді деп ойлаймын. Мен оған тіпті басты рөлдердің бірін ұсынуға дайынмын», – деді Хамитов.

Журналист осыдан бірнеше жыл бұрын Сәбинаға жасаған үйлену туралы ұсынысын есіне салып еді, Қуат оған былай деп жауап берді:

«Менің ойымша, бәрінің өз уақыты бар. Ал біздің уақытымыз өтті. Қазір қолымыздан келетіні – тек кинода бірге ойнап, сол оқиғаны виртуалды әлемде жалғастыру ғана», – деді спортшы.

Кино түсіру идеясы қалай туғанын сұрағанда, Қуат бұл шешімді көптен бері ойлап жүргенін айтты.

«Мен өмірде жайдан-жай ештеңе айтпаймын да, істемеймін де. Бұған дейін төрт фильмге түскенмін, сол кезде бәрін бақылап, зерттедім. Шынымды айтсам, бізде түсіріліп жатқан фильмдердің сапасы ұнамайды. Көпшілігі тек ақша табу үшін түсіріледі. Ал менің мақсатым – пайда емес. Мен шынымен жақсы кино түсіргім келеді», – деді ол.

Айтуынша, фильм спорт тақырыбында емес, қазіргі заман жастары мен түнгі өмірге арналған туынды болмақ.

«Бұл - жастарды тәрбиелеуге бағытталған заманауи фильм болады. Жанры ерекше, экшн элементтері бар», – дейді Қуат Хамитов.

Спортшы жаңа жобасы арқылы өз шығармашылық қырын көрсетіп, көрерменге тың дүние ұсынуға уәде берді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары