Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Содан бері көзілдірік тағады" - Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың өмірін өзгерткен сәтті еске алды

Сарапшы, спорт журналисі
30.10.2025, 19:25

Белгілі продюсер, әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова бірнеше жыл бұрын отбасымен бірге түскен жантүршігерлік жол апатын еске алды.

NUR.kz
Реклама
Реклама

«Көліктен түк қалмады, бірақ Құдай сақтап қалды»

Продюсердің айтуынша, Қытайға сапар алдында отбасы мінген көлік жол апатына ұшыраған. Сол сәт өмір мен өлімнің арасында тұрғандарын есіне алды.

«Қытайға ұшамыз деп асығып келе жатып, жол апатына түстік. Көліктен түк қалмай, темір-терсекке айналды. Бірақ Алла сақтады. Қайрат терезеден ұшып кетіп, әйнек сынықтары денесіне қадалды. Сол жараның іздері кейін тыртық болып қалды. Сол себепті ол үнемі көзілдірік тағып жүретін», — деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

«Өкініш» фильміндегі шынайы көрініс

Продюсер бұл ауыр сәтті «Өкініш» фильмінде де көрсетті. Айтуынша, кинодағы апат көрінісі өмірдегі оқиғаға дәл келеді.

«Фильмге сол жол апатын арнайы қостым. Көліктің қалай аударылғанын, өзімнің қандай күй кешкенімді де көрсеттік. Телефон соққан сәт те сол қалпында енді», — деді ол.

Гүлзира Айдарбекова сол күнді еске алғанда, бұл оқиға отбасына үлкен сабақ болғанын айтады. Қайрат Нұртастың көзілдірік тағуы сән үшін емес, дәл сол жарақаттың салдары екенін көпшілік енді ғана біліп отыр.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары