Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Перизат Қайрат «Тамашада» ойнаған

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 15:12

«Біз біргеміз» қайырымдылық қоры арқылы 3,5 млрд теңгені иемденіп, 10 жылға бас бостандығынан айырылған Перизат Қайрат жайлы жаңа дерек табылды. Белгілі болғандай ол 11 жыл бұрын «Қуандық пен Бақыт» театрының актрисасы болған. 

azattyq-ruhy.kz
Реклама
Реклама

Azattyq ruhy-на түскен бейнежазбада Перизат Қайрат актер Қуандық Шәкіржановпен бірге сахнада өнер көрсетіп, оның жұбайының рөлін сомдаған. Видео алғаш рет 2014 жылдың 11 қаңтарында интернетке жарияланған.

Редакция сондай-ақ Перизаттың сол кездегі қазіргі танымал актерлермен бірге түскен суреттерін де анықтады.

Қайырымдылық ақшасын талан-таражға салған іс

Еске салайық, Перизат Қайрат 2024 жылдың қарашасында ұсталған. Тергеу мәліметінше, ол қазақстандықтардың қайырымдылыққа жинаған 3 млрд-там астам теңгені өз қажетіне жұмсап, жымқырған.

Қаражат мүгедектігі бар балаларға, сондай-ақ Қазақстандағы су тасқыны мен Таяу Шығыстағы қақтығыс кезінде зардап шеккендерге көмек ретінде жиналған еді.

Сот процесі екі аптаға созылып, ішінара жабық түрде өтті. Іс материалдары журналистердің қатысуынсыз зерттелді.

Сот шешімі және жаңа тергеу

Сот үкімімен Перизат Қайраттың жылжымайтын мүлкі мен қымбат заттарына тыйым салынды. Тізімде элиталық үйлер, люкс көліктер және зергерлік бұйымдар бар.

2025 жылдың қаңтар айында ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі оған қатысты жаңа іс қозғады. Бұл жолы күдікті мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығын салу үшін жиналған қаражатты заңсыз иемденді деген айып тағылды.

Тергеу мәліметінше, ол өзін бизнес-ханым ретінде көрсетуге тырысқан, ал иемденген миллиардтарды заңдастыру үшін түрлі тәсілдер қолданған. Перизат Қайрат тергеушілермен байланыс орнатудан және жауап беруден бас тартқан.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары