Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Тұрсынбек Қабатов: “Мен балаларымды ешқашан бұғаттаған жоқпын”

Сарапшы, спорт журналисі
03.11.2025, 17:33

Қазақстандық әзілкеш, шоумен және КВН ойыншысы Тұрсынбек Қабатов бұрынғы жұбайы, бес баласының анасы Мөлдір Мұқанованың сұхбатына жауап берді.

alash.kz
Реклама
Реклама

Танымал әзілкештің жауабы

Мөлдір Мұқанова әнші әрі Қабатовтың бұрынғы жары ретінде Жанар Байсемізге берген сұхбатында отбасылық өмірі мен ажырасу себебін ашық баяндаған болатын. Оның айтуынша, олар ресми түрде ажырасып кеткен, ал неке бұзылуына күйеуінің опасыздығы себеп болған.

Мөлдір сұхбатында балалардың әкесін қатты сағынатынын айтып өтті:

“Олар жылайды, әкесіне сурет жібергіміз келеді дейді. Бірақ ол бізді түгел бұғаттап тастаған, фотолар оған қызық емес”, – деді Мұқанова.

Оның сөзінше, өзі 14 жылдық некені сақтап қалуға тырысқан. Бірақ ақыры опасыздықты білген соң, отбасылық өмірін аяқтауға мәжбүр болған.

Тұрсынбектің жауабы: “Балалар – өмірімнің мәні”

Соңғы жазбаларына пікір қалдыру мүмкіндігін шектеген Тұрсынбек Қабатов Instagram парақшасындағы сторис арқылы көпшілікке үн қатты. Әзілкеш өзінің балаларымен қарым-қатынасын үзбегенін және олар үшін өмір сүріп жүргенін айтты:

“Мен ешқашан балаларымды бұғаттаған жоқпын. Мен олардың жанындамын, бәрін жақсы көремін. Осы күнге дейін балаларым үшін еңбек еттім, әрі қарай да солай болмақ. Алла тек денсаулық берсін”, – деді ол.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары