"Қазгидромет" РМК 3 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер күн райының бұзылуына байланысты бірқатар облыстан ескерту жариялаған.
Алматы облысында жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады.
Ақмола облысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Түркістан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/c-қа, күндіз екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/c-қа, күндіз екпіні 25 м/с-қа жетеді.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/c-қа, түнде екпіні 25 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с-қа жетеді.
Қостанайда жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан, солтүстік жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с-қа жетеді.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 3 градус үсік жүреді.
Қызылорда облысында жел батыстан соғады, облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады.