Оларды төтенше жағдайлар қызметі мен дәрігерлер қауіпсіз жерге жеткізді.
Ақмола облысында Ресейден Тәжікстанға бағыт алған 53 шетел азаматы, оның ішінде 8 бала, жолда қалып қойған автобус ішінен құтқарылды. Оларды төтенше жағдайлар қызметі мен дәрігерлер қауіпсіз жерге жеткізді. Автобус жолда бұзылып, ондаған жолаушы суық ауа райында далада қалған.
Хабар түскен бойда Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) құтқарушылары мен медициналық жедел бригадасы оқиға орнына дереу жеткен.
Бұл туралы Ақмола облысы ТЖД-нің ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаев мәлімдеді:
«Автобус бұзылғаннан кейін біздің құтқарушылар жолаушыларды Аршалы ауылындағы жылыту пунктіне эвакуациялады. Сондай-ақ, жедел медициналық жәрдем бригадасы барлық азаматтарға тексеру жүргізді. Ешкімге медициналық көмек қажет болған жоқ», — деді ол.
Мамандардың айтуынша, автобус жөнделгеннен кейін жолаушылар қайта көлікке отырғызылып, сапарын жалғастырады.