Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Мұндай әрекет үшін нақты жауапкершілік белгіленген" - министр Offside сериалына қатысты пікір білдірді

Сарапшы, спорт журналисі
08.11.2025, 22:27

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева отандық кино саласының қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді.

ФОТО: SPUTNIK / ВЛАДИСЛАВ ВОДНЕВ
Реклама
Реклама

Министрлік өкілдері бұқаралық ақпарат құралдарынан кино саласына қатысты сұрақтар жиі түсетінін хабарлады. Бұл тұрғыда олар қазақстандықтардың ұлттық мәдениет пен отандық киноның дамуына бейжай қарамайтыны қуантатынын жеткізді.

Алайда кейбір жағдайлар қосымша түсіндіруді қажет етеді, дейді ведомстводағылар.

Мысалы, жақында көп талқыланған тақырыптардың бірі – режиссер Рүстем Омаровтың "Офсайд" атты сериалының YouTube желісінен өшіріліп, автордың Instagram парақшасының бұғатталуы болды.

"Бұл жағдайдың жеке, яғни нақты бір аккаунтқа қатысты жайт екенін атап өткім келеді. Мұндай кезде аккаунт иесі өз бетімен онлайн-платформаның әкімшілігіне хабарласып, парақшаны қалпына келтіру және себептерін анықтау туралы өтініш бере алады", - деді Балаева.

Offside сериалынан үзінді сурет

Министр әдепсіз сөздерді пайдалану жайлы да пікір білдірді

Сонымен қатар отандық онлайн-сериалдар мен бейнежобаларда әдепсіз сөздердің қолданылуына қатысты сұрақтар да көтерілді.

"Бұл ретте ескеретін жайт – қазіргі заңнамада мұндай әрекет үшін нақты жауапкершілік белгіленген. Яғни, қоғамдық орындарда әдепсіз сөз айту — ұсақ бұзақылық деп танылады. Ол үшін 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу, 20-дан 60 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған. Құзырлы органдар әрбір осындай жағдайды жеке қарастырады", - деді министр.

Сондай-ақ Балаева жыл басынан бері интернеттегі мониторинг нәтижесінде осындай 50-ден астам құқықбұзушылық анықталып, олардың барлығы бойынша ІІМ-не тиісті хабарлама жолданғанын айтты.

"Біз әрдайым ашықтықты, шығармашылық еркіндікті және көрерменге деген жауапкершілікті басты мақсат етеміз. Кино мен медиа саласының дамуы қоғамға, мәдениетке және бәрімізді біріктіретін ортақ құндылықтарға құрметпен қарауға негізделуі тиіс. Бірлескен жұмыстар нәтижесінде отандық кино бұдан да биік белестерді бағындыра береді деп сенеміз", - деді министрлік басшысы.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары