Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Илон Маск болашақта ұялы телефон қажетсіз болатынын айтты

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 11:33

Америкалық миллиардер Илон Маск 2030 жылға қарай смартфондар жойылып, оның орнын жасанды интеллект басады деп болжады.

Getty Images
Реклама
Реклама

Бұл туралы ол тележүргізуші Джо Роганға берген сұхбатында айтты.

Классикалық телефондарды жасанды интеллект функцияларымен жабдықталған экран және аудио құрылғылар алмастырады.

"Біз қазір телефон деп атап жүргеніміз, шын мәнінде, байланысқа арналған радиомодульдері бар, ЖИ көмегімен бейнеанализге негізделген түйін болады", – деді Маск.

Джо Роганның "Телефондар мүлде жоқ болып кете ме?" деген сұрағына Илон Маск:

"Иә. Тіпті қазірдің өзінде телефон тек интерфейс. Нағыз "ақыл" – бұл ЖИ сервері. Болашақта бізге экран немесе қолмен теру қажет болмай қалады", - деді.

Масктің сөзінше, қазіргі уақытта телефондар ЖИ-мен әрекеттесу үшін тек аралық құрал.

Ал болашақта ЖИ адаммен тікелей байланысады, сондықтан құрылғының формасы өзгереді. Бұл құрылғыларда экран, микрофон, динамик болады.

Сондай-ақ, Масктың болжамы бойынша, болашақта жасанды интеллект пайдаланушының қалауын алдын ала болжай алатынын болады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары