Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Бибісара Асаубаева ер жігітке тән негізгі үш қасиетті атады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 12:23

Қазір гроссмейстер саналы түрде әлеуметтік желілерден бас тартқанын айтты.

Сурет: ашық дереккөздерден
Реклама
Реклама

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әлеуметтік желідегі оқырмандарының сұрақтарына жауап берді.

"Әлеуметтік желілерден саналы түрде үзіліс алдым және оның аяқталғанына әлі де сенімді емеспін. Бұл уақытты отбасыммен өткізіп, спортзалға барып, кітап оқуға және жаңа хоббилерді үйренуге арнадым. Маған өзгелермен салыстырмай, өз болмысыңды сақтап өмір сүрген ұнайды", — деді Бибісара.

Оның айтуынша, соңғы уақытта ол тыныштық пен жалғыздықта уақыт өткізуді жөн көрген. Сондай-ақ жанкүйерлер шахматшыдан ер адамның бойындағы қандай қасиеттерді бағалайтынын сұрады.

"Парасаттылық, мейірімділік және уәдесінде тұра білу. Әрине, қасиеттер көп, бірақ мен үшін осы үшеуі — ең маңыздысы" — деп жауап берді Асаубаева.

Айта кетсек, 21 жастағы гроссмейстер Бибісара Асаубаева жақында Самарқандта өткен беделді FIDE Grand Swiss турнирінде үшінші орын алып, әлемдік шахмат тарихына есімін алтын әріппен жазды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары