Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Харизмасы да сондай болса»: желіде Қайрат Нұртастың «егізі» қызу талқыланып жатыр

Сарапшы, спорт журналисі
19.11.2025, 19:54

Қазақ эстрадасының жұлдызы Қайрат Нұртасқа қатты ұқсайтын жігіт желі қолданушыларының назарын өзіне аударды. Жас жігіт танымал әншінің бейнесін қайталап, пародияларымен танымал бола түсті.

zakon.kz
Реклама
Реклама

Бейнесі, стилі және көзілдірігі — бәрі Қайратқа ұқсайды

Желі жұлдызы Қайрат Нұртастың репертуарынан әндер орындап, өзін әншінің стиліне барынша жақын ұстауға тырысады. Ол тіпті Қайраттың имиджінің ажырамас бөлігіне айналған қара күнқағар көзілдірікті де тағуды әдетке айналдырған.

Пікір қалдырушылардың айтуынша, бұл жігіттің сырт келбеті танымал әншіні еске салады.

Желіге жүктелген роликтер қысқа уақыт ішінде көп қаралым жинап, қолданушылар арасында қызу пікірталас тудырды.

Желі қолданушылары не дейді?

Пікірлер сан алуан:

  • «Қайратпен егіздер сияқты»
  • «Биін де дәл қайталап үйренсе, тойға шығуға болады»
  • «Ұқсастық бар»
  • «Хореографиясы ақсап тұр, бірақ потенциалы бар»
  • «Көзілдірігі басқа екен»
  • «Қайрат Нұртастың өзі көрсе, қалай реакция берер екен?»
  • «Жас кезіндегі Қайрат сияқты»
  • «Жоқ, әлі ұқсай қоймайды»
  • «Двойник»
  • «Тағы да Нұртастың харизмасы болса, один в один болар еді»
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары