Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Өмір әрқашан қалағаныңдай болмайды»: Төреғали Төреәлі қызының ауыр диагнозды естіген сәтін баяндады

Сарапшы, спорт журналисі
22.11.2025, 19:57

Танымал әнші Төреғали Төреәлі тұңғыш қызы Кәусардың (бұрынғы есімі — Томирис) басынан өткен ауыр кезең туралы жүрегін жарып шыққан сырын ашты. 

әлеуметтік желіден
Реклама
Реклама

Әншінің айтуынша, 2016 жылы Астанада өтетін «Қазақ аруы» байқауын жүргізуге дайындалып тұрған кезінде ол өмірін төңкеріп жіберген суық хабар алған.

«Сахнаға шығайын деп тұрғанымда телефоныма хабарлама келді. Ол кезде Кәусардың есімі Томирис еді. Хатта: “Томиге диагноз қойылды, ДЦП” деп жазылған. Сол сәтте төбемнен мұздай су құйып жібергендей күй кештім. Одан кейін қалай сахнаға шыққаным, кешті қалай жүргізгенім – мүлде есімде жоқ», – дейді Төреғали.

Оның айтуынша, сол күннен бастап атақ, танымалдық, даңқ сияқты дүниелердің бәрі мәнін жоғалтқан.

«Өмір әркез өз ойыңша өрбімейді екен. Бірақ мен қызымды сынақ емес, Алланың ерекше сыйы деп қабылдаймын. Шүкір, ол – үйіміздің жарығы, қуанышы. Бақ та, береке де осы қызым арқылы келіп жатқандай», – деп ағынан жарылды әнші.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары