Әнші Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдукәрімова Instagram желісінде жаңа қонысындағы алғашқы рум-тур видеосын жариялап, оқырманын тәнті етті. Желі қолданушылары үйдің интерьерін жоғары бағалап, «үй иесінің талғамы керемет» деген пікір қалдырған.
Жұлдыз бұған дейін де жазылушыларына үйдегі жөндеу жұмыстарының қалай жүріп жатқанын жиі көрсетіп отырған. Айтуынша, бұл процеске өзі тікелей араласып, тіпті аяғы ауыр кезінде де жұмысты бақылаған. Енді актриса көптен күткен нәтижені қуанышты бөлісті. Дегенмен, ол бұл — шолудың бірінші бөлімі ғана екенін атап өтті.
Видеода Жұлдыз Әбдікәрімова кең үйінің бірнеше бөлігін таныстырған:
Интерьердің жалпы стилі ашық әрі жылы реңктерге құрылған: қабырға, жиһаз, перде — бәрі бір-бірімен үйлесіп тұр. Актриса әсіресе ұсақ детальдарға мән бергенін жасырмады.
Жұлдыздың айтуынша, кейбір элементтер тапсырыспен жасалған. Мәселен, үйдегі есіктің тұтқалары ағаш бұтағының пішінінде арнайы әзірленіпті. Бұл — интерьерге табиғи нәзіктік беретін ерекше шешімдердің бірі.
Желі қолданушыларының ерекше назарын аудартқан тұс — актрисаның бөлмесінде бұрыштың болмауы. Жұлдыз мұндай идеяға әйгілі испан сәулетшісі Антонио Гаудидің жұмыстарынан шабыт алып келгенін айтты. Яғни бөлме формасы классикалық төртбұрыштан өзгеше, жұмсақ сызықтарға негізделген.
Жазылушылар актрисаның еңбегін жоғары бағалап, жылы лебізін жаудырған. Көпшілік үйдің сәні, түстердің үйлесімі мен жайлылығы «жүрекпен жасалған» дүние екенін жазған. Кей пікірлерде:
деген мазмұнда тілектер айтылған.