Қазақстандық әнші Мақпал Исабекова махаббат пен көңіл қалу тақырыбындағы жаңа әнін әзірлегенін жариялады. Әлеуметтік желіде жарияланған үзінді тыңдармандардың қызығушылығын оятып, көпшілік тректің толық нұсқасын күтетінін жазды.
Әншінің жаңа жұмысы «Салқын» деп аталады. Бұл атау сезімнің суып, араға «қашықтық» түскен көңіл күйін аңғартатын мәнге ие.
Мақпал Исабекова Instagram парақшасына қысқа видео жүктеді. Кадрда әнші лифт ішінде жас жігітпен бірге көрінеді. Бейнежазбада олардың қарым-қатынасқа қатысты сөзге келіп қалғаны байқалады.
Үзіндіден-ақ тректің негізгі әуені мен идеясы сезіледі: әнші сынық сезім, жаралы жүрек және өткенге қайта оралғысы келмейтін ішкі шешім туралы айтады. Лирикасы мұң мен салқындыққа құрылған.
Қысқа ғана үзінді жарияланса да, тыңдармандар жаңа әнге баға беріп үлгерді. Пікірлер арасында тректің «хитке айналатынын» болжағандар көп.
Желі қолданушыларының жазған ойларының мазмұны: