Қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса әрі блогер Жұлдыз Әбдукәрімова анасына қымбат сыйлық жасап, Астанадан пәтер сатып алып бергенін айтты. Өнер иесі жаңа баспананы әлеуметтік желіде видео арқылы көрсетіп, бұл күнге бірнеше жыл дайындалғанын жеткізді.
Жұлдыздың айтуынша, соңғы жылдары анасы олардың отбасы үшін Алматы мен Астана арасында қатынап, балаларға толық қарайласқан. Ол анасының Алматыға келгенде үйдің шаруасын реттеп, әкесіне жағдай жасап, кейін қайтадан Астанаға жол тартатынын баяндады.
Актрисаның сөзінше, шамамен екі жыл бұрын анасына өздерінің үйіне жақын жерден пәтер алып беруді мақсат еткен. Сол арманын орындау үшін көп еңбек еткенін де жасырмады.
Жарияланымнан кейін оқырмандар Жұлдыздың анасын жаңа қонысымен құттықтап, актрисаны «анасына қамқор, жақсы қыз» деп жылы пікірлер қалдырған.