Франшизаның үшінші бөлімі 2025 жылы ең көп табыс тапқан топ-3 фильмдер тізіміне енді.
12 қаңтарға қарай «Аватар: Жалын мен күл» фильмінің кассалық түсімі 1,25 млрд долларға жетті. Джеймс Кэмеронның фантастикалық блокбастері әлем кинотеатрларында әлі де үстемдік етіп келеді және 2025 жылдың ең көп табыс тапқан фильмдерінің топ-3 қатарына кірді. Ол бұл тізімде тек «Зверополис 2» мен қытайлық хит «Нэчжа Айдаһар патшаны жеңеді» фильмдерінен ғана қалып отыр.
Қазіргі таңда триквел трилогиядағы алдыңғы бөлімдерден төмен нәтиже көрсетіп отыр. Мәселен, алғашқы бөлім 2009 жылы шамамен 2,9 млрд доллар, ал сиквел 2,3 млрд доллар жинаған. «Жалын мен күл» фильмінің 2 млрд доллар межесіне жете алмауы да мүмкін.
«Аватар 3: Жалын мен күл» фильмі жанартаулар маңында мекендейтін агрессивті На’ви тайпасының тарихын баяндайды. Сондай-ақ картинада негізгі баяндаушы өзгереді: Джейк Саллидің орнына оқиғаны оның ұлы Лоак әңгімелейді. Триквелдегі басты рөлдерді қайтадан Сэм Уортингтон («Саботаж»), Зои Салдана («Галактика сақшылары»), Кейт Уинслет («Титаник») және Сигурни Уивер («Бөгде») сомдады.