Қазақстандық актриса әрі продюсер Әсел Сәдуақасова Instagram парақшасында мұхит жағасында түсірілген жаңа фотосессиясын жариялады. "30-да тұрмысқа шығу", "Келін де адам" фильмдері арқылы көпшілікке танылған өнер иесінің бұл жолғы кадрлары желі қолданушыларының қызу талқысына түсті.
Фотосессияда Әсел шоколад түстес комбинация-көйлекпен камера алдында поза ұстайды. Ал алғашқы кадрларда оны қара түсті мини-көйлекпен көруге болады. Түсірілім мұхиттың көбік толқындары аясында өткен.
Актриса жазбасында өмірлік көзқарасының өзгергенін жасырмай айтып, соңғы уақытта өзі үшін маңызды дүниелерді қайта сүзгіден өткізгенін жеткізді.
Оның сөзінше, былтыр ол “нағыз табыс” деген ұғымды басқаша түсіне бастаған:
Әсел дәл осы құндылықтар өмір бойы еңбектенуді қажет ететінін атап өтті.
Сәдуақасова өз ойында біраз “иллюзияның” сейілгенін де жазды. Бастапқыда бұл жағдай көңіл түсіргенімен, кейін өзіне қойылатын қатал талап пен орынсыз үміттің азайғанын айтып, “жеңіл тыныстағандай” күй кешкенін білдірді.
Пікір қалдырған оқырмандар актрисаның табиғи сұлулығын, нәзік стилін ерекше атап өтті. Комментарийлерде мынадай сөздер жиі кездескен: