Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан және оның жары, орындаушы RaiM отбасымен бірге Мальдив аралдарына ұшып барды. Жұлдызды жұп демалыстан Instagram парақшаларында фото-видео жариялап, әсерлерін бөлісіп жатыр.
Ерке мен RaiM тропикалық курорттағы тынығуын белсенді түрде сториске салып жүр. Кадрлардан теңіздің әсем көрінісі, жасыл желекке толы табиғат байқалады. Сонымен қатар түсірілімдерде олардың кішкентай ұлы Ислам жиі көрінеді.
Өткен жазда үшінші рет ана атанған Ерке Есмахан демалыста өз формасы туралы да айтып өтті. Әнші қара түсті панама мен ақ жейде киіп түскен суретін жариялап, қазіргі салмағын жасырмады.
“Айтпақшы, қазір 56 кг болдым. Тағы 5 кг тастау керек. Мұнда тері тыныстайды. Өзімді сондай жеңіл сезінемін. Керемет”, – деп жазды Ерке.

Желі қолданушылары жұптың сторисінен жағажайдағы тыныш атмосфераны, теңіз панорамасын, курорттың жасыл табиғатын және отбасылық жылы сәттерді көре алады.