Ерке Есмахан мен RaiM Мальдив аралдарында некенің үш жылдығын атап өтті
Қазақстандық танымал әншілер Ерке Есмахан мен күйеуі, музыкант RaiM отбасылық өмірлерінің үшінші жылдығын ерекше атмосферада Мальдив аралдарында қарсы алды.
Романтикалық кеш және мұхит жағасындағы мереке
Ерке Есмахан Instagram парақшасында жұбайымен бірге өткізген романтикалық кешкі астан кадрлар жариялады. Суреттерде әнші гүл өрнекті жарқын көйлекпен көрінсе, RaiM ақ жейде мен шалбар киіп, классикалық стильді таңдаған.
Жұп шам жарығындағы кешкі ас барысында жергілікті тағамдардан дәм татып, мұхит жағалауындағы әсем көріністі тамашалаған.
Еркенің жазбасы: “Біз бен үш ұл бақытты”
Әнші отбасылық өмірдің маңызды белесін атап өтіп, жазбасында алғыс айтқан:
“19 қаңтарда отбасын құрғанымызға 3 жыл болды. Нәтижесі — бақытты біз және үш ұл. Барлық нығметке Аллаға шүкір. Мальдивте, мұхит жағасында атап өттік”, — деп жазды Ерке.
Желі қолданушылары жұпқа жылы лебіз білдіріп, пікірлерде:
- “Бұл — махаббат”
- “Мен де осындай жарды қалаймын”
- “Қазақстандағы тағы бір бақытты отбасы”
- “Өте жарасымды жұп”
- “Керемет!” деген сарында көпшілік қолдауын аямады.