Қазақстандық әнші әрі актриса, "КешYOU" тобының бұрынғы солисі Кәмшат Жолдыбаева Instagram парақшасында сәнді образдармен түсірілген жаңа фотоларын көрсетті. Желі қолданушылары жас ананың жаңарған стилін жоғары бағалап, жылы пікірлерін жаудырды.
Кәмшат Жолдыбаева фотосессия кадрларын жеке блогына жариялап, жазба астына: “Қай образды таңдар едіңіз?” деген сұрақ қалдырған.
Жарияланған суреттерде экс-солист төрт түрлі стильді образда позаға түсіп, әрқайсысын бөлек мінезбен жеткізуге тырысқан. Пост қысқа уақытта 4 мыңға жуық лайк жинап, қызыл жүрек эмодзилерімен толы комментарийге ие болды.
Пікір жазған оқырмандар Кәмшаттың сырт келбеті мен харизмасын ерекше атап өтті. Әлеуметтік желідегі комментарийлер арасында мынадай жазбалар жиі кездескен: