Реклама
Реклама

Оқушылар қашықтан оқуға жіберілді

Сарапшы, спорт журналисі
11.02.2026, 09:55

Жауапты мекемелер ата-аналар мен оқушыларға ресми хабарламаларды қадағалап, қауіпсіздік талаптарын сақтауды ескертті.

Orda.kz

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Қазақстанның бірнеше өңірінде мектеп оқушылары қашықтан оқу форматына ауыстырылды.

Қай өңірлерде мектепке онлайн режимге көшті?

Атап айтқанда, 11 ақпанда елордада қатты жел мен көктайғаққа байланысты бірінші ауысымдағы 0–6 сынып оқушылары онлайн форматта білім алады.

Бұған дейін Павлодар облысы мен Семей қаласында да бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен студенттердің қашықтан оқитыны хабарланған болатын.

Ал Ақтөбе облысында жағдай күрделірек. Өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық білім беру мекемелерінде бірінші және екінші ауысымда оқитын 1–11 сынып оқушылары толықтай онлайн форматқа көшірілді.

Жауапты мекемелер ата-аналар мен оқушыларға ресми хабарламаларды қадағалап, қауіпсіздік талаптарын сақтауды ескертті.

Реклама
Реклама