Реклама
Реклама

Қайрат Нұртастың әкесі үлкен келінінің неге "сәлем салмайтынын" түсіндірді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
11.02.2026, 23:05

Қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков әлеуметтік желідегі трендке қатысып, келіні қойған сұрақтарға жауап берді.

qaz365.kz

Әйгерім мен қайын ата тренд түсірді

Нұртас пен Гүлзира Айдарбековтердің ортаңғы ұлының жары Әйгерім Сәркенова қайын атасымен бірге “норм немесе стрем” форматындағы танымал трендті қайталаған. Тренд шарты бойынша Нұртас аға “не нәрсе дұрыс, не нәрсе дұрыс емес” екенін өз көзқарасымен айтып отырады.

Нұртас Айдарбековтің айтуынша әйеліне үй шаруасында көмектесу — дұрыс, келіннің үлгермей жатқан жұмысына қолұшын беру — қалыпты нәрсе.

Ал келіннің мүлде ас әзірлемей, түске дейін ұйықтап жүруі — оның пікірінше, қабылдауға келмейтін жағдай.

“Жас отбасы ата-енемен тұрса, тұрғаны дұрыс”

Тренд барысында “келін ата-енесімен бірге тұрғысы келмесе ше?” деген сұрақ та қойылған.

Нұртас аға бұл тақырыпта:

“Әрине, өзі біледі. Бірақ жастар ата-анасымен бірге тұрса, несі жаман? Біз немерелерге қарап, көмектесеміз”,
— деген ой айтты.

Ол келіннің үйде орамал таққаны дұрыс екенін атап өткен. Бірақ көшеде міндетті емес деген көзқарас білдірген.

“Сәлем салу” туралы: неге Жұлдызға рұқсат берген?

Әңгіме барысында “сәлем салу” дәстүрі де қозғалды. Нұртас Айдарбеков үлкен келіні Жұлдыз келін болып түскен кезде өз еркімен сәлем салмауға рұқсат еткенін айтты.

“Жұлдыз келін болып түскенде өзім рұқсат бердім. Себебі менің қызым болмады, тек ұлдарым бар. Ол маған қызымдай болып кетті”,
— деді Нұртас аға.

Сонымен қатар ол “сәлем салудан келінге жамандық жоқ” деп, керісінше, үлкендердің бата беріп, ақ тілегін айтатынын ерекше атап өтті.

“Сәлем салса — бата алады. Үлкендер ұзақ ғұмыр, бақыт тілейді. Оның өзі — өте құнды сөздер”,
— деп түйіндеді ол.

Реклама
Реклама