Реклама
Реклама

Пітір садақа 735 теңге болып белгіленді

Сарапшы, спорт журналисі
11.02.2026, 22:47

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) 2026 жылғы Рамазан айына арналған пітір садақа мөлшерін 735 теңге деп бекітті. Бұл шешім Рамазан қарсаңында өткен мүфтияттың алқа (Төралқа) мәжілісінде қабылданған.

NUR.kz

Пітір садақа қалай есептелді?

Мүфтият мәліметінше, биылғы мөлшер ел бойынша 2 келі ұнның орташа нарықтық бағасына сүйеніп шығарылған. Ұн бағасы ҚМДБ-ның өңірлік өкілдіктері ұсынған деректер негізінде анықталған. Сонымен бірге пітір садақаны құрма немесе мейіз құнымен де өтеуге болады.

Нарықтағы орташа бағаға сай төмендегі мөлшерлер көрсетілген:

  • Бидай (2 кг) — 318 теңге
  • Ұн (2 кг) — 735 теңге
  • Арпа (4 кг) — 514 теңге
  • Мейіз (2 кг) — 6400 теңге
  • Құрма (4 кг) — 12 400 теңге

Неге ұн негізге алынды?

ҚМДБ түсіндіруінше, қазіргі кезде бидайдың өзінен гөрі ұн, талқан сияқты өнімдер кеңірек тұтынылады. Сондықтан пітір садақаны есептегенде ұнның бағасын алу орынды саналған. Шариғатта бидаймен қатар оның өнімдері арқылы да пітір садақа беруге рұқсат етіледі.

Мүфтияттың хабарлауынша, жағдайы бар азаматтарға пітір садақаны 2 келі мейіз (6400 теңге) немесе 4 келі құрма (12 400 теңге) шамасымен берген абзалырақ.

Ал пидия мөлшері — бір адамның таңғы және кешкі асын толық қамтитын орташа құн ретінде есептеліп, 2026 жылға 4000 теңге болып бекітілген. Мүфтият дерегінше, оған шамасы жетпегендер ораза ұстай алмаған әр күні үшін пітір садақа құнын өтеу жолын таңдай алады.

Реклама
Реклама