"Жігіттерге уақыт беріңіздер". Қуат Хамитов қыздарға кеңес берді
Қазақстандық файтер әлеуметтік желіде қарым-қатынас туралы пікірін білдірді.
Қазақстандық ММА жауынгері Қуат Хамитов қыздарға арнап кеңес айтып, қарым-қатынаста сабыр мен қолдаудың маңызын көтерді. Спортшы бұл ойын Threads әлеуметтік желісінде жариялады.
Хамитовтың пікірі
Қуат Хамитовтың айтуынша, көптеген қыздар жетістікке жеткен ер азаматтарды таңдауға асығады. Алайда ол бұл көзқарастың әрдайым дұрыс емес екенін атап өтті.
"Қыздар, жиі асығыс шешім қабылдайсыздар. Әлемдегі ірі брендтердің иелері де табысқа 40–45 жастан кейін ғана жеткен. Олардың жолы ұзақ болды", – деді файтер.
"Уақыт пен қолдау маңызды"
Спортшы жігіттерге уақыт беріп, оларды қолдауға шақырды.
"Жігіттеріңізге сәл көбірек уақыт, көбірек қолдау мен жылулық беріңіздер. Дайын табысқа ғана ұмтылмаңыздар. Мүмкін, бүгін өз жолын енді бастап жүрген адам ертең сіз армандаған тұлғаға айналатын шығар", – деп жазды ол.