“Біз елестете де алмаған дуэт”. Қайрат Нұртас Лободамен дуэт жазбақ

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 15:40
NewTimes.kz

Қазақстандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас пен ТМД-ға танымал әнші Светлана Лобода жанкүйерлерін таңғалдырды. Екі түрлі жанрда өнер көрсететін орындаушылар жақын арада бірлескен ән ұсынатынын мәлімдеді.

Лобода өзінің ресми парақшасында жариялаған жазбасында қазақ тілінде амандасып:

“Қазақстан, сәлем! Біз елестете де алмаған дуэт – жақын арада”, – деп жазды.

Әншінің бұл қадамы желі қолданушылары арасында үлкен қызығушылық тудырды.

Қайрат Нұртастың лирикалық-той бағыты мен Лободаның поп-дива стилі қалай үйлесетіні көпшілікке жұмбақ. Әзірге жаңа тректің қашан шығатыны белгісіз.

Еске сала кетейік, бұған дейін де украиналық әнші Лобода әлеуметтік желіде қазақ етін – дәмді тартатын жер іздейтінін жазып, көпшіліктен көмек сұраған еді. 
 

Реклама
Реклама